Сайран көлінің түбі тазартылады

Сайран көлінің түбі тазартылады

Биыл Алматы қаласында Сайран, Аэропорт көлі және Алматыдағы Қарасу тоғаны­ның түбі тазартылады. 2020 жылдың желтоқсанынан бас­тап шаһарда үш су айдынының түбін тазалау үшін ЖСҚ әзір­ленген.

Алматы қаласының Жасыл эко­номика басқармасы 2020 жылғы желтоқсаннан бастап Сайран су қоймасы, Аэропорт көлі және Қа­ра­су шағынауданындағы тоғанды механикалық тазалауға ЖСҚ әзірлеп жатыр. Бұл жоба маусым айына дейін сараптамадан өтеді. Сараптама нәтижесіне сай қаржы бөлінгеннен соң  су айдындарын тазалау жұмысы басталады. Техникалық ерекшелікке сай жобаның бірнеше міндеті бар. Атап айтқанда, су түбін тұнба мен шө­гінділерден тазартады. Жобада жергілікті жағдайға және маман­дандырылған техниканың болуына байланысты тазартудың неғұрлым қолайлы тәсілі анықталады. Оның ішінде жағалау сызығын қоқыстан тазарту бар. Зерттеу нәтижесі бо­йынша тұнба көп жиналған аймақ­тарды анықтап,  тереңдетіп қазады. Эрозияға және шайылуға ұшыраған жекелеген учаскелерді бекітеді. Сондай-ақ су объектілерінің экологиялық жай-күйін қалпына келтіру, қорғау шаралары іске асады. Су басу және судың тіршілік әрекетін бұзу қаупі мен салдарын азайту шаралары қолға алынады. Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Жоба, сонымен қатар су қоймаларының гидравликалық сипаттамасын, ұзақ уақыт бойы алынған оң өзгерістерді сақтауды қарастырады. Әрі  Аэропорт кө­лінің су қорғау белдеуін қалпына келтіріп, абаттандыру жұмысы жүр­гізіледі.

А.АЙДАРҚЫЗЫ