Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Отбасылар дайын үйден бас тартты. Неге?

«Айқын» ақпарат
Ақпан 6, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Отбасылар дайын үйден бас тартты. Неге?
95
қаралым

Кез келген адам үшін баспана – басты мәселе. Ел­дегі ең үлкен ме­гаполис болғандықтан бұл мәселе Алматыда да айқын сезіледі. Тұр­ғындарды жайлы баспанамен қам­тамасыз ету үшін түрлі бағдар­ла­малар қарастырылған. Алайда қа­зір шаһарда халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары үшін са­лынған жалға берілетін пәтерлер бос тұр. Қоғам бел­сендісі Аида Бо­қаева «Жас қанат» ықшамау­да­нын­да тұрғын үй мем­лекеттік бағ­дар­лама бойынша салын­ғаны­мен, аз қамтылған отбасыларға бе­ріл­мегенін айтады. Себеп не?

«Бұл тұрғын үй сатып алу құқығынсыз, ипотекаға бас­пана сатып алуға қаражаты жоқ, яғни аса мұқтаж жандарға берілуі керек. Егер адам бұл үйге шын мұқтаж болса, ол бірер сағатта-ақ көшіп алар еді. Бос тұрған екі үй керісінше. Ең қызығы, осы үйлерден 120 мың теңгеге бос пәтерді жалға алуға болады. Қаламыздың тұрғыны мемлекеттік бағдар­лама бойын­­­­­ша пәтерді аз қам­тылған отбасы ретінде алып, оны жалға береді. Келісім­шартты алып, тұрмысы төмен және мұқтаж азаматтарға ар­налған тұрғын үйде тұратын адамдардың жеке басын куә­ландыратын құ­жаттармен са­лыстыру қажет. Ол үшін әкім­дік қызмет­кер­лерінен жұмыс тобын құ­рып, тексеру жүргізу керек», – дейді Аида Боқаева.

Біз мәселенің мән-жайын анықтау үшін «Жас қанат» ықшамауданы орналасқан Түрксіб ауданы әкімдігіне хабарласқанбыз. Жауапты қызметкерлер бұл Алматы қа­ласы Тұрғын үй саясаты бас­қармасына қатысты сауал екенін жеткізді. Ал тиісті ме­кеме қызметкерлері «Жас қанат» ықшамауданындағы 1/86 және 1/87-үйлерден 80 пәтер бөлінгенін, 2021 жылдың 28 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, 40 пәтер иесімен жалға алу келісімшарты жасалғанын, ал 40 пәтердің бос тұрғанын растады.

«13 ипотекалық бағдар­ламаға қатысуға ниет білдірген азаматтар пәтердің ауданымен келіспей, пәтерден бас тартты. Аталған пәтерлер осы санат­тағы келесі кезекте тұрған аза­маттарға қайта бөлінеді. Ал 27 адам келісімшартқа қол қоюға келген жоқ. Оларға басқармаға келу туралы ескерту қағазы жіберілді. Егер олар ескерту қағазын алып, басқармаға кел­месе пәтер кезектегі басқа азаматқа беріледі. Таяу мер­зімде бұл пәтерлерге қатысты тиісті шешім қабылданады. Коммуналдық тұрғын үй қо­рынан жалға берілген пә­терлерді үшінші тарапқа жалға өткізу туралы мәселе жеке немесе заңды тұлғалардың сәйкес шағымы бойынша тексеріледі», – деді Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының қызмет­керлері.

Алматыда полиция қызметкері 9 қабаттан құлап кетті

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Бес адамның мәйітін әуелі көршілері көріпті

Алматыда бір үйдің бес баласы моншада уланып қалды

Өткен жылы Алматыда пәтерге мұқтаж 2 184 отбасы баспанаға қол жеткізді. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша – 289, «Бақытты отбасы» – 376, «Шаңырақ» – 250, «Алматы жастары 3.0» – 1 000, «ТҮҚЖБ-ның несиелік тұрғын үй же­лі­сімен» – 360 адам. Қаңтар айындағы мәлімет бойынша, Алматыда 2 500-ге жуық аз қамтылған отбасы пәтер алу кезегінде тұр. Олардың басым бөлігі – көпбалалы отбасылар. Байқап отырғандай, мемле­кеттік бағдарламамен жалға берілетін пәтерлерді сатып алу құқы жоқ. Сондықтан бұл көп­теген отбасы үшін тығы­рықтан шығар жол болмай тұр. Өйткені жалдау келісімшарты алдағы уақытта жалғаса ма, әлде тоқ­татыла ма, сенім жоқ. Сол се­бепті ақыры жалдап тұ­ратын пәтер болған соң көбі жеке пәтер иелерімен өзара келісім жасап, пәтер жалдауға ынталы. Олардың басым бөлігі салық төлемейді.

Мемлекеттің «Бақытты от­басы» бағдарламасы бойын­ша жылжымайтын мүлікпен қам­тамасыз етудегі басты мақ­са­ты – көпбалалы отба­сы­лардың тұрғын үй, қалада тір­кеуде болу мәселесін шешу. Сондай-ақ банкке ай сайын жарна түсіп, салық төленеді. Осылайша, көлеңкелі айна­лымдағы ақ­шаны мемлекет қазынасына қарай бұру да көз­делген. Де­генмен «Жас қа­нат» ық­шамау­данындағы жалға берілуі тиіс 80 пәтердің 40-ы бос тұруы – бұл бағдар­ламаның шикі екенін білдірмей ме? Әлде, бұл кейінгі жылдары қалай болса солай салынған, алды қисайып, тұрғындары пәтер жалдап тұруға мәжбүр болған сапасыз үйлердің кө­беюінің салдары ма? Қалай де­­генде де, бұл баспана салуда санға емес, сапаға мән берілуі керегінің тағы бір дәлеліндей.

ГүлнарГүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ

 
Тегтер: «Жас қанат» ықшамауданыАида БоқаеваАлматыбаспанаотбасыүй
Алдыңғы жаңалық

Сайран көлінің түбі тазартылады

Келесі жаңалық

Нұрлан Құралов: Ірі сауда желілері импорттық тауарларға құмар

Ұқсас жаңалықтар

Астана
Жаңалықтар

Ненад Эрич «Астана» сапынан кетті

Наурыз 2, 2021
жатақхана
Жаңалықтар

Жатақханадағы жарылыстан зардап шеккен қыз қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
Головкин
Жаңалықтар

Головкин IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын екінші рет қорғайды

Наурыз 2, 2021
полиция
Жаңалықтар

Алматыда полиция қызметкері 9 қабаттан құлап кетті

Наурыз 2, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ненад Эрич «Астана» сапынан кетті

Наурыз 2, 22:23

Жатақханадағы жарылыстан зардап шеккен қыз қайтыс болды

Наурыз 2, 21:49

Головкин IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын екінші рет қорғайды

Наурыз 2, 21:19

Алматыда полиция қызметкері 9 қабаттан құлап кетті

Наурыз 2, 20:30

Белгілі актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 2, 20:15

8 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 2, 19:59

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Бес адамның мәйітін әуелі көршілері көріпті

Наурыз 2, 19:34
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Астана

Ненад Эрич «Астана» сапынан кетті

Наурыз 2, 2021
жатақхана

Жатақханадағы жарылыстан зардап шеккен қыз қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»