Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Мәдениет

Балалар әдебиетіне бетбұрыс басталды

«Айқын» ақпарат
Ақпан 6, 2021
Мәдениет, Жаңалықтар, Қазақстан
балалар әдебиеті
37
қаралым

Биыл – «Балалар әдебиеті» жылы. Балалар әдебиеті – ұлттық мәдениетті сақтаудың, ана тілінің байлығын арт­ты­рудың таптырмас құралы. Балалар әдебиетіне өл­шеусіз үлес қосқан қазақ қаламгерлерінің көбі өмірден өтіп кетті. Ал жастардың арасында балалар әдебиеті жанрына қалам тартып жүргендер некен-саяқ. Бар болса да, насихаты кем­шін. Мұндай қарқынмен «Балалар әдебиеті» жылында әде­биетті дамытуға үлес қоса аламыз ба?

Мәдениет және спорт ми­нистрі Ақтоты Райымқұлова: «Пре­зидент өз мақаласында ба­лалар әдебиетіне ерекше мән беріп: «Тіл игеру үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі зор. Сондықтан қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларына қоса, ба­лаларға арналған шетел жазу­шыларының да таңдаулы туын­дыларын аударып, көптеп басып шығаруды және таратуды қолға алған жөн» деген еді. Осы орайда, министрлік 2021 жылды «Балалар әдебиеті» жылы деп жариялады. Бұған сіздердің де қосатын үлес­теріңіз зор деп білемін. Мемле­кеттік тапсырыспен шығатын кітаптар бойынша министрлік 1 ақпаннан 1 мамырға дейін құ­жаттар қабылдайды. Қазір кітап шығару және қаламақы төлеу мәселесі жолға қойылды» деген болатын.

«Балалар әдебиетін» дамы­ту­дың ілкі қадамы кітап шығару­мен ғана шектелмейтіні анық. Рас, бұған дейін қаламгерлердің дені «балаларға арналған кітаптар өте аз. Тапсырыс жоқ. Балалар әде­биеті үлкен әдебиеттің көлең­ке­сінде қалып қояды» деген пі­кірді жиі айтып жүрді. Өкінішке қарай, қазір «кітабым шықпай жатыр» деп жүрген балалар ақыны не жа­зушысын байқамайсың. Өйт­­кені балалар әдебиетіне қалам тер­бейтін жазушылар да көп көрін­бейді. Балалар әдебиеті десе, кеңестік кезеңдегі әдебиет ғана еске түседі. Оның өзінде Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Сұлтан Қалиев, Ескен Елубайдың есімдері жиі аталады. Көпшілік әлі күнге «Ме­нің атым Қожаны» іздейді. Мұның бір себебі, заманауи ба­лалар әде­биеті қалыптаспай отырғаны.

Өткен жылы сенатор Нұртөре Жүсіп: «Халықтың рухани ахуа­лын балалар әдебиетінің дамуы­мен өлшеу керек. Балалар әдебиеті дұрыс өркен жайғанда ғана мем­лекеттік тілдің тұғыры берік бо­лады. Шығатын кітаптардың ішін­­де балалар әдебиетінің үлес салмағы өте төмен. Таралымы да, сапа­лық жағы да көңіл көн­шіт­­пейді. Кейбір авторлар кітап­тарды өз қаражатына шығарады. Қазір әлемде полиграфия жақсы дамы­ған, дизайн мен графиканың уа­қыты. Қазақстандағы баспалар жұмысы халықаралық стан­дарт­тарға сай келмейді. Халы­қ­аралық тәжірибеге сүйену керек. Шетелде автор, иллюстратор, баспагер, әдеби агент – тұтас шығар­ма­­­­шылық топ күш біріктіреді» деп депутаттық сауал жолдаған еді. Сенатордың сауалынан кейін сең қозғалғандай. Былтырдан бері балалар әдебиетіне көңіл бөліне бастады.

Тәуелсіздік тұсындағы әдебиет

Балаларға арналған үздік 10 кітап

Ана тілі айыбы ма?

Жазушылар одағы басқармасы жанындағы балалар әдебиеті кеңе­сі бар. Кеңесті басқаратын Нұрдәулет Ақыштың айтуынша, балалар әдебиетіне қалам тартып жүрген жас жазушылар бар. Өкі­нішке қарай, «олардың насихаты кемшін. Олардың көпшілігі өз қаржысымен кітаптарын шы­­ғарып жүр. Тіпті, кейбірі белгілі бір ортада ғана танымал», – дейді. Нұрдәулет Ақыш «балалар әде­биеті жоқ, жазылмайды» деген жаң­сақ пікір» дегенді алға тар­тады. «Балалар әдебиетіне қалам тербеп жүрген ақын-жазушылар жетерлік. Олардың қатарында Алмат Исәділ, Мәдина Омар, Бейбіт Сарыбай, Мейіржан Жыл­қыбай, Әлібек Байбол, Елдос Тоқ­тарбай, Әдина Жүсіп, Зәуре Төрехан және т.б. жастарды айтуға болады», – дейді ол.

Жыл басында Жазушылар одағы басқармасы жанындағы балалар әдебиеті кеңесінің оты­рысы өткен. Отырыста атаулы жылы атқарылатын іс-шара төңі­регінде мәселе қозғалыпты. «Бі­рінші кезекте «Балалар әде­бие­тінің бүгінгі жай-күйі, даму тен­денциясы» деген пленум өткізейік деген ұсыныс жасадық. Сек­ре­тариат бұл ұсынысты қа­был­дай­тын шығар деген ойдамыз. Екін­шіден, Мұхтар Әуезов атын­дағы әдебиет және өнер инс­титутымен келісе отырып, жаңа­дан шығаруға болатын кітаптар тізімін әзірледік. Оған ауыз әде­биеті шығармаларын қоса есеп­тегенде, 1 500-дей кі­таптың тізімі енді. Мұны әрі қарай мемлекеттік комиссия өзі іріктей жатар. Ті­зімге қазақ балалар әде­биетінің классикалық шығар­малары да енгізілген», – дейді Нұрдәулет Ақыш.

«Бала тілі – бал» дейміз. Бала тіліне лайық шығарма жазу да оңай емес. Бастауыш сынып оқу­лығына енетін шығармаларды да күрделендіруге болмайды. Күрделі дүниені бала санасы қабылдай алмайтыны тағы бар. Балалар әдебиетіне қойылатын негізгі шарт – қарапайым болуы тиіс. Әрі ұғынықты болғаны жөн. Сосын әдебиеттің дамымай отыруының бір себебі – насихат кемшін. Ол үшін ынталандыру қажет. Балалар ақыны Серікбол Хасан «қазақ қаламгерлерінің классикалық шығармаларын қайта шығарған дұрыс» деп есептейді. «Бұл бағытта жазушы Арман Әлменбет қолға алған Qasym кitaphanasy жобасы балалар мен жасөспірімдерге қа­зақ авторларының шығар­ма­лары мен шетел жазушы­ларының қа­­­зақша аудармаларын жинақтап, топтама ретінде оқырмандарға ұсынып келе жатыр. Сол секілді жазушы Қанат Әбілқайыр шет­ел­дік классиктер Жюль Верн, Купер Фенимор, Чарлз Диккенс, Роберт Льюис, Джон О.Килленстің қа­зақшаға аударылған еңбектерін қайта шығарды. Ал қазіргі за­­­манның шетел қаламгерлерін Steppe & World баспасы қазақ оқырмандарына таныстырып келеді. Бұл бағытта біраз жұмыс істеліп жатыр. Осындай оқыр­манды ойлаған ойлы азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көр­сетілсе, құба-құп болар еді», – дейді ақын.

Ол бұрынғы және қазіргі қазақ қаламгерлерінің үздік шығар­ма­ларын кітап дүкендері сөресіне, кітапханаларға жеткізіп, барша жұртқа қолжетімді ету қажет еке­нін, балалар әдебиеті туралы мәселенің қайта-қайта көтеріле беретіні сондықтан дегенді айтып отыр. Серікбол Хасан: «Олар қолжетімді емес, кітап сөрелерінен таппайсың. Бары ескіріп, кітап­ханалар төрінде қалып қойды. Жаңаланып қайта шығып жатқан жоқ. Мысалы, қазақ әдебиетінің классигі Мұзафар Әлімбаевтың 1982 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Аспандағы әпке» кіта­бын неге қайтадан жаңалап шы­ғармасқа? Себебі қазақ балалар әдебиеті тарихында мемлекеттік сыйлық алған жалғыз шығарма – «Аспандағы әпке». Мұзағаңа дейін де, одан кейін мемлекеттік сыйлық алған балалар жазушысы болған жоқ. Балалар әдебиетінің классиктері жазған іргелі шығар­малар қайта шыққаны дұрыс. Се­бебі олар әлі де қаншама буынға рухани азық болып келе жатыр. Алайда қазіргі бала шығармадан өз ортасын, өз қоғамын, өз заман­дасын көргісі келетінін де ұмытпау керек. Ал жаңа авторлар, жаңа шығармалар дүниеге келу үшін балалар әдебиетіне мем­лекеттің қолдауы ауадай қажет. Балалар әдебиетін дамыту тек балалар қаламгерлерінің ғана міндеті емес. Бұл үшін бірнеше саланы дамыту қажет болады» деген пі­кірді алға тартты.

Жақсы шығарма өтімді болу үшін жақсы иллюстрация қажет екенін жазушылар текке айтып жүрген жоқ. Ал иллюстрациясы ерек­ше кітаптардың құны да жо­ғары. Оны әсемдеп шығаруға қа­ламгердің қалтасы көтермейді. Балаларды сұрқай, сүреңсіз дү­ниемен қызықтыра алмайсыз. Одан бөлек, әсем иллюстрацияға мазмұны да сай келіп тұрса, құба-құп. Сондықтан «Балалар әде­биеті» жылында министрлік осы­ны ескергені жөн.

Гүлзина БЕКТАС

 
Тегтер: ана тіліӘдебиетәдебиеті жанрыбалалар әдебиетібетбұрысұлттық мәдениет
Алдыңғы жаңалық

Мүмкіндігі шектеулі. Құқығы ше?

Келесі жаңалық

Су қоймасын салу: салдары мен зардабы

Ұқсас жаңалықтар

ауа
Қазақстан

Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

Наурыз 7, 2021
бокс
Жаңалықтар

Боксшы Сабырхан Махмұд халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Наурыз 7, 2021
нәресте
Әлем

Ұшықтың кесірінен бір жасар нәресте өле жаздады

Наурыз 7, 2021
Жасөспірім
Жаңалықтар

Жасөспірімді құтқарамын деп 9-қабаттан құлаған полицейдің жағдайы ауыр

Наурыз 7, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

Наурыз 7, 13:28

Боксшы Сабырхан Махмұд халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Наурыз 7, 12:50

Ұшықтың кесірінен бір жасар нәресте өле жаздады

Наурыз 7, 12:18

Жасөспірімді құтқарамын деп 9-қабаттан құлаған полицейдің жағдайы ауыр

Наурыз 7, 11:45

Атырау облысы «сары» аймаққа енді

Наурыз 7, 11:16

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Наурыз 7, 10:45

Өскеменде сабақ кезінде оқушыларға бейәдеп видео қосылып кеткен

Наурыз 7, 10:15
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ауа

Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

Наурыз 7, 2021
бокс

Боксшы Сабырхан Махмұд халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Наурыз 7, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»