Ресей Беларуссияның МӨЗ-на өнім жіберуді тоқтатты
Ресей Беларуссияның МӨЗ-на өнім жіберуді тоқтатты
76
оқылды

Ресей Беларуссияның мұнай өңдеу зауыттарына мұнай беруді тоқтатты, – деп хабарлайды РИА Новости республиканың мұнай саласындағы дереккөзіне сүйеніп. «Беларуссияның МӨЗ бағытында жеткізілім», – деп жауап берген дереккөз.

Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап мұнай жеткізілімі тоқтап, «үздіксіз партиялар» 31 желтоқсанда аяқталған. Осыған қарамастан, агенттіктің сұхбатшысы Беларуссияда әлі де мұнай қоры бар және екі МӨЗ де қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.

Жалпы Беларуссияда екі МӨЗ бар – Мозырда (Мозырь МӨЗ) және Новополотскта (Нафтан ААҚ). «Белнефтехим» концернінің баспасөз қызметі жеткізілім тоқтатылғанын, зауытқа жүктеме технологиялық минимумға дейін төмендетілгенін растады. Сонымен бірге, концерннің өкілі қаңтардағы келісімшарттарды дайындау бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ал, «Транснефть» компаниясы мұнай өнімдері компаниялардың өтінімдері аясында жіберіліп жатыр деп мәлімдеген. «1 қаңтардан бастап біз мұнай компанияларынан Беларуссияның МӨЗ-не жеткізуге сұраныс алған жоқпыз»,– деп жауап берген компанияның ресми өкілі Игорь Демин РИА Новости-ге. «Беларусь арқылы мұнай транзиті ешқандай шектеусіз жалғасуда», – деді ол.

Айта кетейік, желтоқсанның соңында Беларусь Президенті Александр Лукашенко 2020 жылы республика Ресейден шамамен 22 миллиард текше метр газ бен 24-25 миллион тонна мұнай сатып алатынын және былтырғыдан жоғары емес бағамен алатынын мәлімдеген. Алайда жеткізілім туралы келісімшарттар 1 қаңтарға дейін жасалған жоқ.

2019 жылдың соңғы күндері Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен, премьер-министр Дмитрий Медведевпен және энергетика министрі Александр Новакпен телефон арқылы сөйлесу барысында бұл мәселені талқылаған.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, келісімге келу мүмкін болмады, бірақ диалог әлі де жалғасады.