Мейвезердің дөп тиген соққысының қанша тұратыны анықталды
Мейвезердің дөп тиген соққысының қанша тұратыны анықталды
120
оқылды

2010-2017 жылдары аралығында Мейвезер статистикасы – 10-0 (2 КО).

Статистик Дэн Каноббио соңғы он жылда бес салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған Флойд Мейвезердің әрбір дөп тигізген соққысы үшін қанша ақша алып отырғанын есептеді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

2010-2017 жылдары аралығында Мейвезер статистикасы – 10-0 (2 КО). Каноббио мәліметінше, осы жекпе-жектерде Мейвезер 4270 соққы жұмсаған. Оның 1833-ін дөп тигізген. 

Сарапшының есебі бойынша, Флойд осы жекпе-жектерден 915 миллион доллар табыс тапқан. Бұл дегеніміз әрбір дәл соққы үшін 499,2 мың доллар алып отырған.

Әртүрлі БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Флойд Мейвезердің жағдайы 560 миллион доллардан миллиард долларға дейін. Таяуда Forbes басылымы соңғы он жылдықтағы ең бай спортшы деп атады.