Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Спорт

Қазақ футболын үлкен өзгеріс күтіп тұр

«Айқын» ақпарат
Ақпан 6, 2021
Спорт, Жаңалықтар, Қазақстан
футбол
337
қаралым

2021 жылдан бастап отан­дық футбол клубтарының жыл­­дық бюджеті екі-үш есе қыс­қарды. Соның әсері десек те болатын шығар, биыл ко­ман­далар са­пын­да біраз өз­геріс болды.

Енді қазақстандық футбол клубтарының еурокубоктық ойын­дарының топтық кезеңіндегі матч­тарын көрудің өзі арманға айнала ма? Бұрынғыдан әлдеқайда аз бюд­­жетпен жақсы ойын өрнегін көр­сете аламыз ба?

Бір қызығы, ұзақ жылдар бойы әлемдік аренада қазақ футболы­ның абыройын асқақтатқан, ел бірін­шілігінде қатарынан 6 жыл чем­пион атанған елордалық «Астана­ның» жағдайы мәз болмай тұр. Бапкерлер ауысты, клуб сапындағы бірқатар қызметкерлер жұмыстан кетті. Клубтың жыл­дық бюджеті әлі нақты­ланбады. Елордалық команданың бас­шылығы жаңа демеуші іздестіру үстінде. Бір сөзбен айт­қанда, Тихонов жат­тықтыратын коман­даның жағдайы қыл үстінде. Бұ­рынғы «Астананы» көре аламыз ба, жоқ па, оны алдағы маусымда біле­міз.

Біздің елімізде, өкінішке қарай әлі күнге дейін отандық фут­бол клубтарының ешқайсысы мем­лекеттің қаржылай қол­дауынсыз өз күндерін өздері көре алмай жүр. Қарызға белшесінен батқан пав­лодарлық «Ертіс» футбол клубы­ның өткен жылы банкротқа ұшы­рағаны – сөзімізге дәлел. Оның алдында да бірқатар клубтар жа­былып, жұмысын тоқтатты. Бұл қазақ футболының басты кемшілігі десек те болады.

«БИІК-Қазығұрттың» шоқтығы биік

Еуромаусым арманға айнала ма?

Франция құрамасын жаттықтыруға басты үміткер

Расымен, шетелде футбол бизнес деңгейіне көтерілген. Менеджмент, маркетинг, стадион, телевидение – осы төрт құрылым шетелдік футболдың төрт аяғын тең бастырып тұр. Ал бізде ше? Біздің футбол клубтары әр жыл сайын мемлекеттің ақша­сына қол сұғуды ғана біледі.

Белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен отандық клубтардың бюджеті дәл осылай жыл сайын қысқара беретін болса, онда олар уақыт өте келе өз күн­дерін өздері көруге тыры­сатынын айтады.

– Біздегі клубтардың 80 па­йызында маркетинг деген бөлім жоқ. Ірі клубтар ақшасы азайған соң жейделерді, клуб атри­бутика­ларын сату, жергілікті ком­пания­лардан демеуші іздеу сияқ­ты жұ­мыстармен айналыса бас­тайды. Үкімет беретін ақшаны сөйтіп-ақ табуға болады. Бірақ ешкім оны істемейді. Футболды мемлекеттен қаржыландыру тоқ­таса, онда Қазақстандағы футбол да тоқтайды. Өйткені өз күнін өзі көріп, қаржы тауып жүрген еш­қандай футбол клубы жоқ. Сон­дықтан бұл жердегі шешім – бө­лінетін қаржыны азайту және оның қалай жұмсалып жат­қанын қадағалау, – дейді Ермұхамед Мәулен.

Расымен, шетелде футбол бизнес деңгейіне көтерілген. Менеджмент, маркетинг, стадион, телевидение – осы төрт құрылым шетелдік футболдың төрт аяғын тең бастырып тұр. Ал бізде ше? Біздің футбол клубтары әр жыл сайын мемлекеттің ақшасына қол сұғуды ғана біледі.

футбол

Былтыр қыркүйекте Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жол­дауында кәсіби спорт командаларын толы­ғымен мемле­кет есебінен қолдауға ешқандай негіз көрмейтінін айт­қан болатын. Мемлекет басшысы бұқаралық спортқа, дене­шынық­тыруға және балаларға басымдық берілуі, әр облыста, ірі облыс орта­лықтарында спорт сек­ция­лары ашылуы керек екенін тілге тиек еткен еді. Мә­дениет және спорт министрі Ақ­тоты Райым­құлова да өткен жылы Қазақ­стандағы кәсіби спорт клуб­тары­ның бюджеті 55,5 млрд теңгені құрай­тынын ашық жет­кізген. Сол кездің өзінде ми­нистр талдау нәтижесі бойынша спорт клуб­тарын жылдық қаржы­ландыру екі есеге дейін төмен­детілетінін хабар­лаған. Тиісті ұсыныстар Үкіметтің қарауында болып, биыл футбол клубтарының жылдық бюд­жеті біршама қыс­қар­ды. Қыс­қарту нәтижесінде 22,2 мил­лиард теңге бұқаралық спорт­ты дамытуға жұм­салмақ.

Енді Премьер-лигадағы қазақ­стандық футбол клубтарының бюджеті бұрынғыдай болмайды. Мысалы, өткен жылы «Астана­ның» бюджеті 15 млрд теңгеге жуық­таса, «Қайраттың» бюджеті 8 млрд теңге шамасында болған. Бұл туралы спорт шолушысы Рус­лан Мералиев айтып берді.

– 2020 жылы «Астана» 13 млрд теңгені бас демеушісі «Самұрық-Қазынадан», 2 млрд теңгені Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінен алды. Ал алматылық «Қайрат» футбол клу­бының иесі Қайрат Боранбаев еке­нін көпшілігі жақсы біледі. Яғни, Қазақстандағы жеке қо­жа­йы­ны бар жалғыз команда. Со­дан мемлекеттік бюджетке үл­кен сал­мақ салмайды. 2 млн халқы бар Ал­­маты қаласының әкімдігі «Қай­ратқа» жылына 900 млн теңге бөле­ді. Қалған ақшаны клуб басшысы демеушілерден алады, – дейді ол.

Биыл бюджет екі есеге қыс­қарады. Барлық футбол клубтары үнемдеуге көшті. 2021 жылдағы отандық футбол клубтарының бюд­жеті шамамен төмендегідей бол­мақ.

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ

 
Тегтер: БюджетЕурокубокҚазақ футболыотандық футболүлкен өзгерісфутбол
Алдыңғы жаңалық

COVID-19: Қазақстанның екі облысы «қызыл» аймақта тұр

Келесі жаңалық

Алматы дәрігерлері асқазан-ішек жолында ақауы бар 3 жасар сәбиге күрделі ота жасады

Ұқсас жаңалықтар

қос азаматтық, шенеунік, мемлекеттік қызмет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтар

Тоқаев қос азаматтығы бар шенеуніктерге қатысты пікір білдірді

Ақпан 25, 2021
лотеррея, заңсыз ойын бизнесі, шетелдік, құмар ойын
Жаңалықтар

Шетелдіктердің Қазақстанда лотерея өткізуіне тыйым салу керек – Президент

Ақпан 25, 2021
Нұр-Сұлтан, мемлекеттік сатып алу, жемқорлық
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған  

Ақпан 25, 2021
жер сату, шетелдік, жалға беру, Бозжыра, Көкжайлау
Жаңалықтар

Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды

Ақпан 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев қос азаматтығы бар шенеуніктерге қатысты пікір білдірді

Ақпан 25, 13:44

Шетелдіктердің Қазақстанда лотерея өткізуіне тыйым салу керек – Президент

Ақпан 25, 13:23

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған  

Ақпан 25, 13:04

Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды

Ақпан 25, 12:28

Қазақстанда баспана мәселесі әлі де өзекті – Тоқаев

Ақпан 25, 12:09

Кәсіпкер ауылда жұмысшыға арнап үй салса, шығынның жартысын мемлекет төлейді – Президент

Ақпан 25, 11:46

Министрлік Атыраудағы «Сасыған сайдың» проблемасын жазда шешеді 

Ақпан 25, 11:34
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

қос азаматтық, шенеунік, мемлекеттік қызмет, Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев қос азаматтығы бар шенеуніктерге қатысты пікір білдірді

Ақпан 25, 2021
лотеррея, заңсыз ойын бизнесі, шетелдік, құмар ойын

Шетелдіктердің Қазақстанда лотерея өткізуіне тыйым салу керек – Президент

Ақпан 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»