Қазақ футболын үлкен өзгеріс күтіп тұр
Қазақ футболын үлкен өзгеріс күтіп тұр
353
оқылды

2021 жылдан бастап отан­дық футбол клубтарының жыл­­дық бюджеті екі-үш есе қыс­қарды. Соның әсері десек те болатын шығар, биыл ко­ман­далар са­пын­да біраз өз­геріс болды.

Енді қазақстандық футбол клубтарының еурокубоктық ойын­дарының топтық кезеңіндегі матч­тарын көрудің өзі арманға айнала ма? Бұрынғыдан әлдеқайда аз бюд­­жетпен жақсы ойын өрнегін көр­сете аламыз ба? Бір қызығы, ұзақ жылдар бойы әлемдік аренада қазақ футболы­ның абыройын асқақтатқан, ел бірін­шілігінде қатарынан 6 жыл чем­пион атанған елордалық «Астана­ның» жағдайы мәз болмай тұр. Бапкерлер ауысты, клуб сапындағы бірқатар қызметкерлер жұмыстан кетті. Клубтың жыл­дық бюджеті әлі нақты­ланбады. Елордалық команданың бас­шылығы жаңа демеуші іздестіру үстінде. Бір сөзбен айт­қанда, Тихонов жат­тықтыратын коман­даның жағдайы қыл үстінде. Бұ­рынғы «Астананы» көре аламыз ба, жоқ па, оны алдағы маусымда біле­міз. Біздің елімізде, өкінішке қарай әлі күнге дейін отандық фут­бол клубтарының ешқайсысы мем­лекеттің қаржылай қол­дауынсыз өз күндерін өздері көре алмай жүр. Қарызға белшесінен батқан пав­лодарлық «Ертіс» футбол клубы­ның өткен жылы банкротқа ұшы­рағаны – сөзімізге дәлел. Оның алдында да бірқатар клубтар жа­былып, жұмысын тоқтатты. Бұл қазақ футболының басты кемшілігі десек те болады.

Расымен, шетелде футбол бизнес деңгейіне көтерілген. Менеджмент, маркетинг, стадион, телевидение – осы төрт құрылым шетелдік футболдың төрт аяғын тең бастырып тұр. Ал бізде ше? Біздің футбол клубтары әр жыл сайын мемлекеттің ақша­сына қол сұғуды ғана біледі.

Белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен отандық клубтардың бюджеті дәл осылай жыл сайын қысқара беретін болса, онда олар уақыт өте келе өз күн­дерін өздері көруге тыры­сатынын айтады. – Біздегі клубтардың 80 па­йызында маркетинг деген бөлім жоқ. Ірі клубтар ақшасы азайған соң жейделерді, клуб атри­бутика­ларын сату, жергілікті ком­пания­лардан демеуші іздеу сияқ­ты жұ­мыстармен айналыса бас­тайды. Үкімет беретін ақшаны сөйтіп-ақ табуға болады. Бірақ ешкім оны істемейді. Футболды мемлекеттен қаржыландыру тоқ­таса, онда Қазақстандағы футбол да тоқтайды. Өйткені өз күнін өзі көріп, қаржы тауып жүрген еш­қандай футбол клубы жоқ. Сон­дықтан бұл жердегі шешім – бө­лінетін қаржыны азайту және оның қалай жұмсалып жат­қанын қадағалау, – дейді Ермұхамед Мәулен. Расымен, шетелде футбол бизнес деңгейіне көтерілген. Менеджмент, маркетинг, стадион, телевидение – осы төрт құрылым шетелдік футболдың төрт аяғын тең бастырып тұр. Ал бізде ше? Біздің футбол клубтары әр жыл сайын мемлекеттің ақшасына қол сұғуды ғана біледі. футбол Былтыр қыркүйекте Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жол­дауында кәсіби спорт командаларын толы­ғымен мемле­кет есебінен қолдауға ешқандай негіз көрмейтінін айт­қан болатын. Мемлекет басшысы бұқаралық спортқа, дене­шынық­тыруға және балаларға басымдық берілуі, әр облыста, ірі облыс орта­лықтарында спорт сек­ция­лары ашылуы керек екенін тілге тиек еткен еді. Мә­дениет және спорт министрі Ақ­тоты Райым­құлова да өткен жылы Қазақ­стандағы кәсіби спорт клуб­тары­ның бюджеті 55,5 млрд теңгені құрай­тынын ашық жет­кізген. Сол кездің өзінде ми­нистр талдау нәтижесі бойынша спорт клуб­тарын жылдық қаржы­ландыру екі есеге дейін төмен­детілетінін хабар­лаған. Тиісті ұсыныстар Үкіметтің қарауында болып, биыл футбол клубтарының жылдық бюд­жеті біршама қыс­қар­ды. Қыс­қарту нәтижесінде 22,2 мил­лиард теңге бұқаралық спорт­ты дамытуға жұм­салмақ. Енді Премьер-лигадағы қазақ­стандық футбол клубтарының бюджеті бұрынғыдай болмайды. Мысалы, өткен жылы «Астана­ның» бюджеті 15 млрд теңгеге жуық­таса, «Қайраттың» бюджеті 8 млрд теңге шамасында болған. Бұл туралы спорт шолушысы Рус­лан Мералиев айтып берді. – 2020 жылы «Астана» 13 млрд теңгені бас демеушісі «Самұрық-Қазынадан», 2 млрд теңгені Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінен алды. Ал алматылық «Қайрат» футбол клу­бының иесі Қайрат Боранбаев еке­нін көпшілігі жақсы біледі. Яғни, Қазақстандағы жеке қо­жа­йы­ны бар жалғыз команда. Со­дан мемлекеттік бюджетке үл­кен сал­мақ салмайды. 2 млн халқы бар Ал­­маты қаласының әкімдігі «Қай­ратқа» жылына 900 млн теңге бөле­ді. Қалған ақшаны клуб басшысы демеушілерден алады, – дейді ол. Биыл бюджет екі есеге қыс­қарады. Барлық футбол клубтары үнемдеуге көшті. 2021 жылдағы отандық футбол клубтарының бюд­жеті шамамен төмендегідей бол­мақ.

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ