Алматы дәрігерлері асқазан-ішек жолында ақауы бар 3 жасар сәбиге күрделі ота жасады
Алматы дәрігерлері асқазан-ішек жолында ақауы бар 3 жасар сәбиге күрделі ота жасады
269
оқылды
Алматыда туғаннан асқазан-ішек жолында ақауы бар 3 жасар балаға өте күрделі ота жасалды. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы өңеш атрезиясы диагнозымен, яғни туғаннан асқазан-ішек жолында ақауы бар 3 жасар пациентке өңеш пластикасы бойынша өте күрделі ота жасады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бұрын бала өздігінен тамақтана алмайтын, арнайы түтікше арқылы тамақтанатын. Операция нәтижесінде баланың туғаннан тамақ өтпейтін өңеші асқазанға жалғанды. Ота 5 сағатқа созылған. Енді өңештің қызметін асқазанның бір бөлігі атқарады және бала өзі тамақтана алады. Бүгінде баланың жағдайы жақсы, ол реанимациядан бөлімшеге ауысты, өзі тамақтанады. Жыл сайын Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына 300-ден астам балаға туа біткен ас қорыту органдары ақауы бойынша операция жасалады. Шетелдік мамандардың көмегінсіз өңешті ауыстыру операциясы Қазақстанда тек осы орталықта жасалады.
«Бала біткенде ұрықтың дамуына түрлі фактор әсер етуі мүмкін, соның салдарынан нәресте ауру болып туады. Сондықтан ана денсаулығын күту, жүкті әйелдерді уақтылы есепке алу және оларды үнемі динамикалық бақылау өте маңызды», – делінген хабарламада.