Жансейіт Түймебаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры болып тағайындалды
Жансейіт Түймебаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры болып тағайындалды
299
оқылды
Жансейіт Түймебаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы қоғам қайраткері Мұрат Әбенов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бір сағат бұрын Республикалық комиссияның шешімімен ұлттық университеттің екі ректоры тағайындалды. ҚазҰУ-ге – Түймебаев, ЕҰУ-ге – Сыдықов», – деп жазды Әбенов.  
Жансейіт Қансейітұлы әр жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Орта және Таяу Шығыс және Африка елдерін басқару бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы (1993-1994); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997); Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бас сарапшысы (1997-1999); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас консулы (Стамбұл қ-сы) (1999); Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (1999-2004); Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (31.03.2004-01.02.2006); Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі (01.02.2006-10.01.2007); Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі (10.2010 бастап); Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы (03.2011 бастап), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі (07.10.2016) Түркістан облысы әкімі (20.06.2018), сондай-ақ осыған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — хатшылық меңгерушісі қызметін атқарды.