Солтүстік Қазақстан облысында автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, бір адам қаза тапты. Автокөлік жүргізушісі рөлге мас күйінде отырған. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 4 ақпан күні шамамен сағат 20.50-де болған. Аудан орталығы Булаев қаласы маңындағы «Челябі-Новосібір» автожолында ВАЗ-21099 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-21099 автокөлігінің 1999 жылғы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл көлік жүргізушісі және 1989 жылғы екінші жолаушы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық куәландыру ВАЗ-21099 көлігі жүргізушісінің мас күйде болғанын көрсетті. Аталған факті cотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша енгізіліп, қажетті сараптама тағайындалды. ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.