Елорда тұрғыны автокөлік салонынан 100 АҚШ доллары мен сағат ұрлаған
Елорда тұрғыны автокөлік салонынан 100 АҚШ доллары мен сағат ұрлаған
5,123
оқылды
Ақша  мен сағаттың ұрланғаны туралы полицияға автокөліктің иесі хабарлаған. Жәбірленушінің айтуы бойынша, ол үйге кетіп бара жатып өзінің «Инфинити» маркалы автокөлігінің зат салғышына ішінде 100 АҚШ доллары, «100 рубль» сувенирлік купюра және 15 мың теңге ақшасы болған әмиянын қалдырып кеткен. Сол жерде оның «Касио» маркалы сағаты да болған. Тергеу барысында полиция қызметкерлері түнгі уақытта машина есігінің құлыптаусыз қалғанын анықтаған. Бұл ұрының автокөлік салонына еркін кіріп, ұрлық жасауына мүмкіндік берген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ер адам қылмыс жасағанын мойындады. Ұрланған заттар иесіне қайтарылды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Полиция департаменті  жүргізушілерге автокөліктерін  күзетілетін тұраққа, сондай-ақ бейнебақылау камераларымен жабдықталған орындарға қоюды ескертеді.