Бұл жайында Facebook-те «Азаматтарға арналған үкімет» мәлімдеді.
4 қаңтарда Еліміздегі барлық Көлік бойынша Мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істемейді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлерді шығару қызметтерін көрсетуге арналған ақпараттық жүйелерді қолдау функциялары «Ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына берілді.Бүгінгі таңда азаматтарға арналған арнайы мақсаттағы орталықта дайын құжаттарды дайындауға арналған жаңа ақпараттық жүйе мен жабдықты іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, 2020 жылдың 4 қаңтарында авто-қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.