Солтүстік Қазақстан облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймақтан шығып, "сары" аймаққа енді. 2021 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймақта – Ақмола, Павлодар облыстары. "Сары аймақта" – Нұр-сұлтан қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Қалған барлық өңір «жасыл» аймақта.