14 қаңтардан бастап Windows 7 жұмыс істеуін тоқтатады
14 қаңтардан бастап Windows 7 жұмыс істеуін тоқтатады
111
оқылды

Microsoft корпорациясының баспасөз қызметі хабарлауынша, тұтынушыларға осы бағдарламаның нұсқасын ауыстыруына 10 күн бар.

«Осыдан 10 жыл бұрын жасалған Windows 7 бағдарламасы кезінде  киберқауіп те басқаша болатын. Заман өзгерген сайын жүмыс істеу тәсілі де дами түседі. Мысалы, кибершабуылдың жаңа түрі не болмаса жаңа технологияның пайда болуы бағдарламаның қауіпсздігін басқаша қарауға мүмкіндік береді. Сондықтан Windows 10 нұсқасы киберқауіпсіздік пен қауіптердің жаңа түрлеріне қарсы тұра алатын болып жасалды» деді Ресейдегі Microsoft корпорациясының баспасөз қызметі.

Әрине, 14 қаңтардан кейін Windows 7-де ескірген құрылғылардың жұмысы тоқтамайды. Алайда, Windows 7 үшін операциялық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін ешқандай қауіпсіздік жаңартулары шығарылмайды.