100-ге жуық адам шаңғы көтергіште ілініп қалған
100-ге жуық адам шаңғы көтергіште ілініп қалған
5,110
оқылды

Олар шаңғы ілгіште бір сағаттай ілініп тұрған.

Шамамен 100-дей адам Финляндияның солтүстігіндегі Саариселька тау шаңғысы курортында істен шыққан лифтіден құтқарушыларды күткен.

«Біз лифтіні баяу артқа қарай жылжыта отырып, адамдарды бір-бірлеп құтқара алдық», - дейді курорттың бас директоры Юхи Тахванаинен.

Адамдарды құтқаруға бір сағаттай уақыт кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

 Тексеру барысында шаңғы көтергіші техникалық ақаулыққа байланысты тоқтап қалғаны анықталды.

Саариселька тау шаңғысы курорты – қысқы туризмді жанындай жақсы көретіндердің арасында бұрыннан белгілі жер. Оған туристер барлық елден жиналып жатады.