Екі азамат өртеніп жатқан үйден зейнеткерді алып шықты
Екі азамат өртеніп жатқан үйден зейнеткерді алып шықты
ШҚО-да екі азамат отқа оранған үйден зейнеткерді алып шықты. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 6 ақпанда түнгі сағат 01.26-да Опытное поле кентіндегі жер үйден өрт шыққан.
"Сол жерден өтіп бара жатқан Алексей Отто мен Андрей Поляков еш ойланбастан көмек көрсетті. Олар терезе арқылы ішке кіріп 1950 жылғы әжейді сыртқа алып шыққан», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Көп ұзамай оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалпы ауданы 48 шаршы метрге жайылған  тілсіз жауды толықтай ауыздықтады. Өрттің шығу себебі электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан болуы мүмкін. Зейнеткерді азаматтар өздері туралы ақпарат беруден бас тартты.