Оралда төбелес болып, бір адам көз жұмды
Оралда төбелес болып, бір адам көз жұмды
89
оқылды
Оралда жастар төбелесіп, бір адам көз жұмды. БҚО полиция департаментінің мәліметінше, шамамен түнгі сағат 00.02-де «102» телефонына хабар түскен. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткеннен соң тұрмыстық жағдайда арақ ішуден кейін белгісіз адамның Теректі ауданының 23 жастағы тұрғынына көптеген пышақ жарақатын салғаны анықталды. Соның салдарынан жас жігіт оқиға орнында көз жұмды. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде аса ауыр қылмысты жасаған Орал қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұдан бұрын да бірнеше рет бұзақылығы үшін жауапкершілікке тартылған. Полицияның назарына 2015 жылдан бері ілігіп, қоғамдық орында арақ ішкені үшін де әкімшілік жазаны өтеген. Қазіргі кезде Абай полиция бөлімі  сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.