Ақтүтек боранның әлегі
Ақтүтек боранның әлегі
263
оқылды
Биылғы қыс еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлері үшін толассыз жауған қарымен есте қалмақ. Жауған қардың мөлшері был­тырғы осы уақытпен са­лыс­­тырғанда үш еседен асып түсті. Омбы қар­ға ыс­қыры­ғы жер жарар боран қосылып, елді әбігерге салып жа­­­тыр. Әсіресе, қаңтардың 26-нан 27-іне ауған түн құт­­қарушылар үшін де, қар құрсауында қалғандар үшін де ауыр болды. Ал кеше Нұр-Сұлтан қа­ла­сында тө­тенше жағдай жа­рияланды. Ауа райының қолай­сыз­дығына бай­ланысты Ақмола, Ақ­төбе, Шығыс Қа­зақстан, Қа­рағанды, Қостанай об­лыс­­­тары мен ел астанасында же­­дел штабтар құрылды. Штаб құ­ра­мында ИИДМ Ав­томобиль жол­дары ко­ми­тетінің, QazAvtoJol ұлт­тық ком­паниясы, ІІМ Төтенше жағ­дай­лар мен Әкімшілік по­лиция ко­­­­митеттері мен Ұлттық гвардия қыз­­мет­­кер­лері бар. Өткен тәулікте 13 өңір­де дауылды ес­керту жария­ла­нып, республикалық маңы­зы бар 61 учаске, облыстық жә­не аудандық маңызы бар ав­то­мо­биль жолдарының 34 учаскесі жа­былды. Респуб­ли­калық маңызға ие жол­дар­дың 3 учаскесінде жүк жә­не жолаушы көліктерінің қоз­ға­лысына шектеу қойылды. Нұр-Сұлтан – Шучинск жо­­­­­лында екі бағытта да кө­­­лік­терден құралған ұзын-сонар кеп­телістен аса күр­делі жағ­дай қалып­тас­­ты. QazAvtoJol ұлт­тық компаниясы Ақмола облысының әкім­дігімен бір­ге екі бағыттағы кө­лік құрал­да­рының легін арнайы тех­­­никаның, патруль көлігінің сүйе­мел­­деуімен өткізу тура­лы шешім қа­­­­был­дады. 26-27 қаңтарда қа­был­дан­ған шаралардың арқа­сын­да 2 мыңнан астам адам құтқарылып, қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Олардың ішінде жүзге жуық бала бар. Қар құрсауынан 1 400-ге жуық техника құтқарылды. Ай­та кетерлігі, жекелеген жүр­гізушілер бекеттерді ай­­­налып өтіп, өз өмірімен бір­ге жолаушыларға да қауіп төн­дір­ген.  width= Ішкі істер министрі  Ер­лан Тұрғымбаев жуық арада жел қай­та күшейетінін айта­ды. «Әсіресе, елордада жағ­дай күрделі. Жуық арада жел кү­шейіп, аяз басталады жә­не ауа температурасы тө­мен­дейді деп күтіліп отыр. Эва­­­куациялық-құт­­қару жұ­мыс­тарына ша­ма­мен 2 мың­дай полиция қыз­мет­кері, тө­тен­ше жағдай жә­не Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері тар­­тылды. Жолда жүруде жо­­­­ғары мүмкіндігі бар 700-ден астам арнайы техника жұ­мыл­дырылды. Жұмыстың бәрі ауа райының қиын жағдайында жүр­гізіліп жатыр. Сондықтан аза­маттар өз қауіпсіздігі үшін ел­дімекендер арасындағы жол­дармен жүруден аулақ болуы ке­рек. Мұндай жағдайда «өзім­бі­лемдік» қайғылы жағдайға әке­ліп соғуы мүмкін», – дейді ми­­­­­­нистр. Ауа райының қолайсыз­ды­ғына байланысты ұшақтар да ке­шігіп жатыр. Кеше ұшып келуі тиіс 25, ұшып кетуі тиіс  20 рейс кешіктірілген, 50 рейс  тоқтатылған. Оның 11-і – ха­­лықаралық бағыттағы рейс­тер. «Қазгидромет» РМК ауа райын қысқа мерзімге болжау бас­қармасының басшысы Алуа Саханованың айтуынша, ал­дағы күндері боран басы­ла­ды. «29 қаңтардан бастап сол­түс­тік-батыс антициклоны мен ауа температурасының тө­мен­деуіне байланысты жауын-ша­шын тоқтайды.  29 қаңтар күні түнде қар жауып, тұман түссе, 30 қаңтар күні ара-тұра тұман бо­лып, түнде -26 -28, ал күндіз -16 -18 градус аяз болады», – де­ді ол. Ішкі істер министрі Ерлан Тұр­ғымбаевтың айтуынша, автожолдардағы жағдай әлі де күрделі. Қазақстанның 10 об­лысында күрделі ме­тео­ро­ло­гиялық жағдай сақталып отыр. Сондықтан министр ауа райы­ның қолайсыздығына бай­ланысты тұрғындарға жол­ға шығу жоспарын кейінге ше­герудің, жолдың ашық не­месе жабық екенін бақылап оты­руды сұрайды. Оның ай­туынша, жол жабылғаны тура­лы ақпарат әр 2 сағат сайын жаңартылып отырады.   Айдана БЕГІМ