Зарина Дияс финалға шықты
Зарина Дияс финалға шықты
124
оқылды

Теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF турнирінің финалына шықты.

Әлемнің 77-ракеткасы Зарина жартылай финалда рейтингте 157-орында тұрған америкалық Сачия Викеримен шеберлік байқасты. Қазақстандық спортшы қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Бұған дейін олар өзара екі мәрте кездесіп, есеп 1:1 болған еді. Енді Зарина 2:1 есебімен алға шықты.

Жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында Зарина әлемнің 72-інші, осы турнирдің 1-ракеткасы, қытайлық Чжу Линь немесе рейтингте 251-сатыдағы франциялық Хармони Танның біреуімен кездеседі.

 Еске сала кетейік, бұдан бұрын З.Диястың Гонконгтағы турнирдің жартылай финалына шыққанын, ал Юлия Путинцеваның жылдың беташар матчын Брисбенде өткізетінін жазған болатынбыз.