Елордалық мониторинг тобы карантин режимін бұзған 15 мекемені анықтады
Елордалық мониторинг тобы карантин режимін бұзған 15 мекемені анықтады
104
оқылды
Елордалық мониторинг тобы карантиндік шектеу шараларын бұзатын кәсіпкерлік субъектілерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Есіл ауданында 5 ақпан күні мониторингтік топ белгіленген жұмыс тәртібін бұзған 2 қоғамдық тамақтану орнын анықтады: "Wall Street Restaurant" мейрамханасы және "The Wine Cafe" шарап бары. Алматы ауданында 4 мекеме карантин режимін бұзды: NE Bar, «Шишка» Lounge Bar, «Ragnarok» компьютерлік клубы, «Алания» түнгі клубы. Байқоңыр ауданының мониторинг тобы 4 кәсіпкерді карантин шараларын бұзды деп айыптады. Сонымен, үйлестіру орталығына «Какие люди» ресто-бары және «ШАШЛЫКОFF» гриль-бары жұмыс режимін сақтамағаны туралы хабарлама жолданды. Сондай-ақ, бұл тізімде Zara және ZAZA түнгі клубтары бар. Сарыарқа ауданында сағат 22.00-ден кейін Nirvana, Chili Gril, "Угол" барлары жұмыс істеді, Basilic кафесінде келушілер саны белгіленген нормадан асып кеткен. Барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.