Мыңдаған адам митингке шықты (видео)
Мыңдаған адам митингке шықты (видео)

Иранда генерал Сулеймани өлімінен кейін мыңдаған адам митингке шықты.

Қолбасшы Касем Сулеймани туған Керман қаласының тұрғындары да жұма күні генералды еске алу үшін жиналған еді. Иранның мыңдаған азаматы Тегеран, Керман мен Тебриз қалаларының көшелеріне шықты. Олар бұл қадамға Америка Құрама Штаттары билігінің эль-Кудс арнайы бөлімшесінің қолбасшысы, генерал Сулейманиді қасақана өлтіргені туралы жаңалықтан кейін шыққан.

https://youtu.be/B7KzxfzReEI

Атап өтсек, Сулеймани жұма, 3 қаңтар күні Бағдадтың халықаралық әуежайы ауданында АҚШ-тың зымыран шабуылы кезінде қаза тапты. Бұған қоса, әуе шабулынынан ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Әл-Хашд аш-Шааби Әбу Махди әл-Мухандис мерт болды.