Каратэден Азия чемпионы болған 18 жастағы Дәулет Хайролланың денесі табылды
Каратэден Азия чемпионы болған 18 жастағы Дәулет Хайролланың денесі табылды
Каратэден Азия чемпионы, 18 жастағы ақтөбелік Дәулет Хайролла өлі күйінде табылды.   "Диапазон" басылымының жазуынша, ол 4 ақпанда Ақтөбедегі орталық даңғыл бойындағы аялдаманың жанында тұрған ВАЗ 2107 көлігінен табылған. Ішіне оқ тиген. Кейін оның Дәулет Хайролла екені анықталды. Күдікті ретінде  үш адамға іздеу жарияланды: 2000 жылғы Серік С. және 2001 жылғы Азат Ж., 2001 жылғы Бектұрған Е. Азия чемпионы Полиция таратқан мәлімет бойынша, таныс қыздың туған күнін тойлау кезінде жігіттер ерегесіп, оның арты қайғылы жағдаймен аяқталған. Дәулет Хайролла киокушинкай каратэден спорт шеберіне үміткер, Азия кубогы иегері, Қазақстан кубогінің үш дүркін иегері болған. Қоңыр белбеу иегері болған ол бапкерлік қызметпен де айналысты.

Фото: ашық дереккөзден