Каратэден Азия чемпионы, 18 жастағы ақтөбелік Дәулет Хайролла өлі күйінде табылды.
"Диапазон" басылымының жазуынша, ол 4 ақпанда Ақтөбедегі орталық даңғыл бойындағы аялдаманың жанында тұрған ВАЗ 2107 көлігінен табылған. Ішіне оқ тиген. Кейін оның Дәулет Хайролла екені анықталды. Күдікті ретінде үш адамға іздеу жарияланды: 2000 жылғы Серік С. және 2001 жылғы Азат Ж., 2001 жылғы Бектұрған Е.
Фото: ашық дереккөзден