Ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жолдар жабылды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ ақпаратына сәйкес, көктайғақ пен бұрқасынға байланысты бүгін, сағат 19.30-дан бастап барлық автокөлік түрлері үшін жол қозғалысы келесі автожол учаскелерінде жабылды:
– «Жезқазған – Петропавл» (24-252 км, Сатбаев қаласы – Қостанай облысының шекарасы);
– «Қызылорда – Павлодар» (433-750 км, Жезқазған қаласы – Атасу кенті
– «Екатеринбор-Алматы» автожолының 917-1247 шақырым аралығы (Жақсы кенті – Нұр-Сұлтан қаласы);
– «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысы шекарасы – Сурган кенті);
– «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 0-65 шақырым аралығы (Жақсы-Есіл).