Қаңырап қалған үй тұрғындарға үрей туғызуда (видео)
Қаңырап қалған үй тұрғындарға үрей туғызуда (видео)

Атыраудағы көпқабатты ғимаратты құлатуға уәде берген әкімдік әлі сөзінде тұрмады.

Құнанбаев көшесінде орналасқан бес қабатты құлағалы тұрған жатақхана жергілікті тұрғындарды алаңдатып отыр.

Үй құлатылатын болып ондағы адамдар өткен жылы желтоқсан айының екінші онкүндігінде қоныс аударған. Бірақ қазір үй қаңырап тұр. Соған қарамастан қала тұрғаныдарының зәресін ұшыруда. Себебі, терезелерінен тас лақтырылып, жол жиегіне ескі сантехника тасталуда. Ауладағы құдықтар ашық қалуда. Әсіресе, түн ортасында ол үй жастар мен қаңғыбастардың мекеніне айналды.

https://youtu.be/tuoQ-i3i64E

Көрші үйдің тұрғындары түнде біреулер от жағып жүргенін көріп, әкімдікке хабарласқан да болатын. Бірақ әкімдік тарапынан ешқандай шара қолданбады.