Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингінде он сатыға көтеріліп, 17-орынға жайғасты.
Садриддин Ахмедов өткен аптада үш титулға WBC Francophone, WBA Continental және NABF белбеуіне қол жеткізді. Ол Нидерланд боксшысы Стивен Даньоны (17-3-3, 6 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.
«Садриддин WBC рейтингінде он сатыға көтерілді. Стивен Даньоны керемет жеңгеннен кейін ол 17-орында көтерілді, енді ТОР 15 пен үлкен жекпе-жекке өте жақын. Алға биік мақсаттар қойыңыз және оларға қол жеткізгенше тоқтамаңыз!» - деп жазады Eye Of The Tiger Management промоутерлік компаниясының Instagram парақшасы.