Оралда жатақханада болған өрттен 73 адам эвакуацияланды
Оралда жатақханада болған өрттен 73 адам эвакуацияланды
5,126
оқылды
Оралда тоғыз қабатты жатақханада өрт шығып, 73 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Исатай-Махамбет көшесі 82/1-мекенжайында болды. Сағат 03.27-де өрт шыққаны жөнінде хабар түскен. Барлау барысында бірінші қабаттағы қосалқы үй-жайда жеке заттардың жанып жатқаны анықталды. Жатақханадан 73 адам, соның ішінде 17 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 17 адам 6 техникамен қатысты. Өрт сағат 04.09-да сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталу үстінде.