Кітап оқығанға жеңілдік жасайтын шаштараз
Кітап оқығанға жеңілдік жасайтын шаштараз
163
оқылды

Кезегі келгенше кітап оқыған клиентіне шаштаразшы 40 пайыздық жеңілдік жасайды екен.

Ал егер кітап оқымай, интернетті қолданған адам шаштараздың толық ақысын төлейді. Осылайша, маман келушілердің кітапқа деген сүйіспеншілігін оятпақшы. Өйткені, соңғы кезде халықтың басым көпшілігі кітап оқудан қалып, смартфон мен әлеуметтік желіні қолданатынын ұнатпайды. Сондықтан да ол осындай қулыққа көшкен. Сөйтіп шаштараздың ішіндегі бір қабырғаны кітапқа толтырып тастаған.

Мұндай шаштараз Үндістанның Тутикорин қаласында орналасқан. Иесінің есімі - Пон.