Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқыларға соқтығысқан
Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқыларға соқтығысқан
150
оқылды

Соның салдарынан үш адам жарақат алды. Бұл жайында БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға кеше сағат 19.50 шамасында Ақсай-Бөрлі жолының 10-шақырымында болған. 1958 жылғы ер адам айдаған Митсубиси автокөлігі үш жылқыға соқтығысқан. Соның салдарынан 1957 жылғы екі ер адам және 1960 жылғы әйел адам түрлі жарақат алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жарақат алғандар ауруханаға басқа көлікпен өздері келген. Бұғанасы сынған бір азамат пен әйел адам амбулаторлық ем алуға жіберілді. Кеуде тұсына зақым келген бір азамат дәрігердің бақылауына қалдырылды.

 Еске салсақ, бұл өңірдегі биылғы бірінші оқиға емес. Бұдан бұрын автокөліктің жылқымен соқтығысып, екі адамның ауруханаға жеткізілген.