ТОП-25: Димаштың бейнебаяны үздіктер қатарына кірді
ТОП-25: Димаштың бейнебаяны үздіктер қатарына кірді

Димаш Құдайбергеннің «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әніне түсірілген бейнебаяны үздіктер қатарына кірді.

«Ресейдің МузТВ арнасы 2019 жылдың «100 үздік бейнебаян» жобасының қорытындысын жариялады. Бұл рейтингте Димаш Құдайбергеннің «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әніне түсірілген бейнебаяны 24 орында тұр» – делінген әншінің «ВКонтактегі» фан-тобының парақшасында.

Аталған туындының сөзін Михаил Гуцериев, музыкасын Игорь Крутой жазды. Димаш Құдайберген аталған клипін түсіру үшін Испанияға аттанған болатын. Арада көп өтпей, әнші аталмыш елдегі бейнебаянның түсірілімінен фотосуреттермен бөліскен еді.

«Любовь уставших лебедей» әнінің бейнебаяны түсірілімінен алынған бірнеше фотосуретті сіздермен бөліскім келді. Клиптің режиссері – Алан Бадоев. Өздеріңіз түсінген шығарсыздар, видео фэнтези стилінде түсірілді. Сіздерді жақсы көремін!», – деп жазды Димаш.



https://youtu.be/hPOYfYP4ISY