Әкесі жақын досын өлтірген ұлын 11 жылдан кейін кешіріп, түрме қақпасынан күтіп алды
Әкесі жақын досын өлтірген ұлын 11 жылдан кейін кешіріп, түрме қақпасынан күтіп алды
155
оқылды
Семейде қатаң режимдегі колониядағы сотталушы бостандыққа шықты. Ол 2008 жылы өз досын өлтіргені үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал оның әкесі осы уақыт аралығында ұлына бірде-бір рет келмеген. Алайда бостандыққа шығар  сәтте ұлын кешіріп, күтіп алды.
«Он бір жыл ішінде Алмазға тек оның әпкесі мен әйелі келіп жүрді. Ұлы мен әкесінің қарым-қатынасы нашар болғанға ұқсайды. Бірақ бүгін әкесі мен баласы кездесті. Бұл кездесу өте әсерлі болды. Алмаз екі есе бақытты. Өйткені арманы орындалды. Шынымды айтсам, сотталғандар бостандыққа шыққаннан кейін қоғамда өздерін тауып, түрмеге оралмаса, мен әрқашан қуанамын, – дейді тәрбие бөлімінің бастығы, әділет майоры Руслан Камаржанов. «Мен ұлымның бір сәтте бүкіл өмірін тозаққа қалай айналдырғанын кешіре алмадым және түсіне алмадым. Мен оны олай тәрбиелегем жоқ. Қызым кеше қоңырау шалып, ұлымның босатылғанын айтқан кезде, ішім алай-дүлей болды. Ұлыммен қауышқым келді. Түні бойы ұйықтамадым, оны кешірдім. «Сүрінбейтін тұяқ жоқ» дегенді халық бекер айтпайды ғой. Мен бұл сөзді жылдар бойы ішімнен қайталасам да, дауыстап айтуға дәрменім жетпеді. Ұлымды кешірдім, бүгін менен асқан бақытты жан жоқ, – деді әкесі.