Қазақстан құрамасы "Даму кубогінде" екінші орынға ие болды
Қазақстан құрамасы "Даму кубогінде" екінші орынға ие болды
106
оқылды
Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму кубогінде» екі ірі жеңіске жетіп, турнирде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz. Молдова - Қазақстан - 0:5 (0:3) Голдар: Труфанов, 4, 35, 65;  Валгушев, 30; Oматай, 51. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму кубогінің» соңғы ойыныДаму кубогнда айқын әрі маңызды жеңіске жетті. Жеңісті ойын біздің шабуылшы Ян Труфанов жасаған хет-трикпен есте қалды. Осы жеңістің арқасында біздің команда турнирдің күміс жүлдесін жеңіп алды. Кирилл Морунов шәкірттері өткен ойында алаң иелері Беларусь құрамасымен кездесіп, басым түскен еді.