Трамп Ирандағы 52 нысанаға соққы береміз деп доқ көрсетті
Трамп Ирандағы 52 нысанаға соққы береміз деп доқ көрсетті

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасына америкалықтарға шабуыл жасалса, Ирандағы 52 нысанаға «жылдам және күшті соққы» жібереміз деп жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Егер Иран америкалықтарға немесе америкалықтардың меншігіне шабуыл жасайтын болса, біз Ирандағы 52 позицияны нысанаға аламыз, бұл Иран мен Иран мәдениеті үшін жоғары деңгейде маңызды, және бұл нысандар Иранның өзі сияқты тез әрі күшті соққыға ұшырайды. АҚШ бұдан былай ешқандай қауіп-қатерді қаламайды», – деп жазды Трамп.

Еске салсақ, 2 қаңтарда Америка Құрама Штаттары Бағдадтағы АҚШ елшілігіне шабуыл ұйымдастыруға қатысы бар деп саналатын Иран армиясының элиталық бөлімінің қолбасшысы, әл-Құдс арнайы күштерінің қолбасшысы генерал Кассем Сүлейманиге және Ирак шииттері милициясы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандиске қарсы операция өткізді.

Кейінірек Иранның Жоғарғы басшысы Али Хаменеи Сүлейманийдің өлімі үшін АҚШ-тан кек алуға уәде берді. Иран президенті Хасан Рухани генералды өлтіру арқылы АҚШ ауыр қылмыс жасады, оны Иран ұмытпайды деп мәлімдеді.