Елордадағы адам көп жиналған оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Елордадағы адам көп жиналған оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Есіл ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары кезектен тыс тексеріс жүргізді Елордада гүл дүкенінің ашылуына арналған ұтысқа 2000-нан астам адам жиналғаны белгілі болды. Комитет ұйымдастырушылардың айыппұл төлейтінін жеткізді. "2021 жылдың 7 ақпанында Есіл ауданы әкімдігі мен жергілікті полиция қызметкерлері бас мемлекеттік санитар дәрігер қаулысын бұзу фактісін анықтады. Екі мың адамның қатысуымен шара (гүл дүкенінің ашылуына арналған ұтыс) ұйымдастырылған", – санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев. Есіл ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары кезектен тыс тексеріс жүргізді, – деп жазады Sputnik.kz.
"Оқиға расталды, Global Flowers  ЖШС-на 8 ақпан күні басқармаға келу қажеттігі туралы хат тапсырылды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес шара қолданылады", – деді Байтанаев.
Бұл бапқа сәйкес, 670 910 теңге немесе 1,5 мың доллар айыппұл салу қарастырылған.