Германия Иранды кек алмауға көндіруге шешім қабылдады
Германия Иранды кек алмауға көндіруге шешім қабылдады
5,085
оқылды

Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас алдағы күндері Иранмен диалогты бастап, ирандық генерал Кассем Сүлейманий қаза тапқан соң жағдайдың ушығып кетпеуі үшін барлық мүмкіндікті жасайтынын айтты. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады.                                            

«Алдағы күндерде біз жағдайдың одан әрі ушығуына қарсы тұру үшін барлық тетіктерді қолданамыз – БҰҰ, ЕО және аймақтағы серіктестерімізбен, сондай-ақ Иранмен диалогта боламыз», – деген сөзін Bild am Sonntag басылымы жариялады.                                                                                               

 Маас өзінің британ және француз әріптестерімен, Еуропалық Одақтың сыртқы істер қызметінің басшысы Хосеп Борреллмен және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен тығыз байланыста екенін атап өтті. Сондай-ақ, сыртқы істер министрі Касем Сүлеймани қаза болғаннан кейін жағдай «болжанбайтын» болғандықтан, бақылаусыз өршудің қауіпі туралы ескертті.                                                                                                                     

«Қазір кез-келген арандату бүкіл аймаққа, сондай-ақ Еуропадағы біздің қауіпсіздігімізге күтпеген салдары бар зорлық-зомбылықтың бақыланбайтын спиралына әкелуі мүмкін екенін барлығы білуі керек», – деді ол.                       

Хайко Маастың айтуынша, Германияның мақсаты – әскери жанжалдың алдын алу, Ирактың тұрақтылығы мен тұтастығын сақтау.