Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бірнеше аймақта тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Павлодар облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің екпіні 30 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысында боран соғады. Басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал. Ақмола облысында бұрқасын, тұман болжанады. Қарағанды облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с артады.Түнде және таңертең Маңғыстау және Алматы облысында тұман болып, жел екпіні 18-23 м/с күшейеді.