Таныс болыңыз: 34 жастағы әйел 5 жасынан бері шашын қимаған
Таныс болыңыз: 34 жастағы әйел 5 жасынан бері шашын қимаған

Оның шашы бойынан ұзын.

Көп қыз-келіншек ұзын шашты армандайды, бірақ ол үшін екі шартты орындауңыз қажет, – деп жазады Lifter.com.ua сайты кейіпкерінің айтқан пікіріне сүйене отырып. Алдымен шашты өсіру үшін ерекше шыдамдылық таныту керек, содан кейін оған күтім жасауға көп уақыт жұмсау керек. Екіншіден, генге байланысты: егер шашыңыз туғаннан сынғыш және сұйық болса, онда косметика көмектеспейді.

Одессалық 34 жастағы Алена Кравченконың екі шартта да жолы болған. Оны 1,8 метрлік ерекше шашына қарап Рапунцель деп атайды.

«Мұндай шашпен жүру және оны үнемі күту маған қиын емес, өйткені бұл мен үшін бақыт, ұзын шаш – менің сұлулығым және байлығым!», – дейді Алена.

Ол ешқашан шашын фенмен кептірмейтінін, бұйралағыш үтіктерді қолданбайтынын, әрі дымқыл күйінде тарамайтынын айтқан. Алена шашын өсіргісі келетін арауларға шашты нәрлендіру үшін табиғи маскалар, түрлі майларды қолдану керегін. Сондай-ақ, кептірілген жемістерді, жаңғақтар мен үй сүзбесін жеуді ұсынады.

Ал, сіз шашыңыздың осындай болғанын қалар ма едіңіз?

шашы 2.jpg
шаш4.jpg