Мемлекеттік кірістер комитеті kgd.gov.kz порталының «Электрондық қызметтер» бөлімінен салық берешегінің бар-жоғы туралы ақпаратты көруге болады және E-SalyqAzamat мобильді қосымшасында (AppStore және PlayMarket жүктеу) да мұндай қызмет түрі бар.
Азаматтар 2020 жылы төленбеген көлік салығын 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуі тиіс. Салықты Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталында «Электрондық қызметтер» бөліміндегі «Калькулятор» және E-SalyqAzamat қосымшасы арқылы есептеуге болады.