Монреалдан ұшып шыққан ұшақтың дөңгелегі істен шықты

Монреалдан ұшып шыққан ұшақтың дөңгелегі істен шықты

Канаданың Монреаль қаласынан Сагеней қаласына ұшып шыққан Air Canada әуе компаниясының ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды, – деп хабарлайды РИА Новости агенттігі СВС телеарнасына сілтеме жасап.

Bombardier Dash 8-300 жолаушылар ұшағының қайта оралуына белгілі бір «техникалық ақау» себеп болған. Ұшып-қону жолағынан енді көтеріле бергенде ұшақтың бір дөңгелегі ұшып кеткен. Әуе көлігіндегі 43 жолаушы мен 3 экипаж мүшесінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

«Біздің тәжірибелі ұшқыштар әуе кемесін толықтай басқарды. Экипаж мүшелері мұндай жағдайда сәтті жұмыс істей білуге үйренген, олар тиісті тәртіп бойынша жұмыс істеді», – деп мәлімдеген телеарнаға Jazz Aviation компаниясы.

Ұшақ жанармайы таусылғанымен, Монреаль әуежайына сәтті қонды.