2022 жылғы әлем чемпионаты Сербияда өтетін болды
2022 жылғы әлем чемпионаты Сербияда өтетін болды
141
оқылды

Жарыс 2022 жылы Ресейде өтуі тиіс еді, – деп жазады Olympic.kz.

Бірақ Спорттық Арбитражды соттың (CAS) ұйғарымымен Ресейде екі жыл бойы ірі жарыстар өткізілмейді. Сондықтан турнирді қабылдайтын қала нақтыланып, жарысқа қатысатын елдерге хабарланады. Белградта 2023 жылғы әлем чемпионаты өтуі тиіс еді. Алайда Красноярск қаласында өтетін чемпионат Белградқа ауыстырылды. 2023 жылы өтетін жарыс қайтадан Ресейге ауысады.

«Біз CAS шешімі мен WADA ұстанымын сыйлаймыз. Сол себепті, жарысты өткізу кестесін қайта қарадық», – дейді UWW президенті Ненад Лалович.

2023 жылғы әлем чемпионатында спортшылар 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасына жолдама үшін өзара бақ сынайды.