Лозаннадағы Олимпиадаға елімізден 26 спортшы қатысады
Лозаннадағы Олимпиадаға елімізден 26 спортшы қатысады
5,119
оқылды

9-22 қаңтар аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 26 спортшы қорғайды, – деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитеті. Осымен үшінші мәрте алауы тұтанатын төрт жылда бір келетін дүниежүзілік жарысқа Қазақстан 26 жолдама жеңіп алған.

Айта кетейік, Лозаннадағы Жасөспірімдер Олимпиадасында әлемнің 70 мемлекетінен 15-18 жас аралығындағы 1880 спортшы спорттың 16 түрінен бақ сынайды. Атап айтқанда, спортшылар шаңғы жарысы, сноуборд, фристайл, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, шаңғымен тұғырдан секіру, альпинизм, биатлон, шайбалы хоккей, шанамен сырғанау, бобслей, скелетон, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру және керлингтен сынға түседі.

Естеріңізде болса, қазақстандық спортшылар 2012 жылғы Инсбурктегі Олимпиадаға 37 спортшы апарған. Ал, 2016 жылы Лиллехамерде өткен қысқы ойындарда 20 атлет бақ сынады.