Сотталғандардың атынан жалған кәсіпорын ашып, қомақты қаржы жымқырғандар жазасын алды
Сотталғандардың атынан жалған кәсіпорын ашып, қомақты қаржы жымқырғандар жазасын алды
144
оқылды

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті іс жүзінде қызмет көрсетпей, жеткізілмеген тауарлар үшін шот-фактура жазып берумен айналысқан 5 адамға қатысты қылмыстық іс тергеуді аяқтады.

Тексеру кезінде ұйымдасқан топтың басшылары 2018-2020 жылдар аралығында ШҚО және Павлодар облыстарының аумағында өздерінің таныстары мен туыстарының, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен жандар мен сотталғандардың атынан 9 жалған кәсіпорын ашқаны, заңсыз қызмет «көрсеткені» анықталды. Салық төлеуден жалтару үшін жалған есепшоттарды жазып берумен айналысқан. Екібастұз, Павлодар және Өскемен қалаларында кәсіпорындардың тіркелу орындары мен фигуранттардың мекенжайларына тінту жүргізу барысында жалған кәсіпорындардың бухгалтерлік құжаттары, мөрлер, компьютерлер мен крипто кілттер, чек кітапшалары, 9 миллион теңге ақша алынды.

Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен ҰҚТ ұйымдастырушылары мен мүшелері ҚР ҚК 262 бабы 1-б. және 216 бабының, 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.