Синоптиктердің болжамынша, 9-11 ақпан күндері аяз болады.
Алдағы 2-3 күнде Қазақстандағы ауа райына Скандинавия аумағынан келетін суық антициклон әсер етеді. Ауа температурасы күрт төмендеп, -23-30 градус аяз болады. Шығыс Қазақстанда -33 градус аяз болады.Батыс өңірлерге Атлантика циклоны әсер етеді. Жауын-шашын жауады. Көктайғақ, тұман болады. Үш-төрт күннен соң ауа температурасы жоғарылауы мүмкін.