Египедтегі Қазақстан елшілігінде жұмыс істеген Еламан Жолдасовтың мәйіті ҚР-ға жеткізілді.
Ол Түркістан облысында жерленді. Бұл туралы журналистерге марқұмның туысы Нәзипа Өсербаева мәлімдеген. Әйелдің айтуынша, Еламан 31 желтоқсанда Түркістан облысының Шарбұлақ ауылында жерленді. Өсербаева атап өткендей, тасымалдау шығындарын Қазақстан СІМ өз мойнына алды. "Еламанның әйелі мен балалары әлі Египетте. Оның аяғы ауыр. Сондықтан, олар онда қанша болатынын білмеймін", - деді ол. Сондай-ақ, Назипа Өсербаева өлімнің себебі әлі де анықталып жатқанын айтты.
Еламан Жолдасов 13 желтоқсанда Каирдегі өз үйінің кіреберісінде өлі табылды. Кейін марқұмның жесірі Айнұр Молдабаева Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады. Әйел жұбайының қайтыс болуына мұқият және ашық тергеу жүргізуді сұрайды. СІМ 15 желтоқсанда Мысырдағы елшілік қызметкерінің өліміне қатысты мәлімдеме жасады. Каир қаласына Қазақстан СІМ өкілдері өз қызметтік тергеу жүргізу үшін келді. Қазіргі уақытта Мысыр прокуратурасы бұл істің мән-жайын тергеу жүргізуде. Жолдасов Египетте студенттік жылдардан бері тұрды. Қазақстан елшілігінде мәдени мәселелер жөніндегі маман болып жұмыс істеді. Оның артында екі баласы мен жүкті әйелі қалды.