Головкин қарсыласын Қанат Исламға «сыйға тартты»
Головкин қарсыласын Қанат Исламға «сыйға тартты»
133
оқылды

Геннадий Головкин мен Қанат Исламның жекпе-жектеріне қатысты жаңа мәліметтер тарады.

Vesti.kz-тің хабарлауынша, Головкиннің 22 мамырға жоспарланған бірінші орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы мексикалық Хайме Мунгияға қарсы жекпе-жегі болмайтын секілді.

Boxing Media UK бұл күні ұлыбританиялық Джош Тейлор мен мексикалық Хосе Рамирес шаршы алаңға шығатынын жазды. Головкин Жапонияда WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен кездесуі мүмкін, ал Мунгия Қанат Исламмен жұдырықтасуы ықтимал.

Бұған дейін Golden Boy Promotions компаниясының промоутері Эрик Гомес пен Zanfer Promotions компаниясының өкілі Фернандо Бельтран Головкин командасымен ресми келіссөздер әлі болмағанын хабарлаған. Алайда DAZN стриминг сервисін қоса алғанда, барлық қатысушы тарап олардың жекпе-жегіне аса қызығушылық танытып отыр. Кездесу әртүрлі себептермен өтпей қалса, сәуірде Мунгияға қосалқы нұсқа ретінде Қанат Исламмен жекпе-жек ұсынылуы мүмкін мүмкін.