Мәскеуде бойжеткен 6 млн теңгесінен айырылып қалды
Мәскеуде бойжеткен 6 млн теңгесінен айырылып қалды

Ресей астанасы Мәскеуде таксиге отырған бойжеткен 1 миллион рубльден (шамамен 6 млн теңге) астам ақшасын ұрлатып алған. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Бойжеткен 6 ақпан күні түстен кейін полицияға жүгініп, арыз жазған. Айтуынша, ол Новослободская көшесінде таксиге отырған. Таксиде телефоны мен сөмкесін ұмытып кеткен. Зардап шегуші, көп ұзамай банктік шотынан қыруар қаражат қолды болғанын анықтайды.

 «Бойжеткен банктегі шотынан бір миллион рубльден астам ақша жоғалып кеткенін байқаған», – дейді агенттік дереккөзі. Ол Ресей Қылмыстық кодексінің 158-бабы төртінші бөлігі  –  (ұрлық дерегі) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.