Алматылық полицейлер азаматтардың жеке мәліметін сатқан

Алматылық полицейлер азаматтардың жеке мәліметін сатқан

Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері арасынан қылмыстық топ ұсталды. Олар азаматтық тұлғалармен ымыраласып, ведомстволық ақпараттық базаны сатуды бизнес көзіне айналдырған. Яғни, жеке мәліметтер үшінші тұлғаның қолына түсіп отырған.

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Садановтың айтуынша, азаматтардың жеке мәліметін сату әрекетіне қалалық полиция департаментінің қазіргі 2 қызметкері мен бұрынғы 3 қызметкерінің, бір азаматтық тұлғаның қатысы бары анықталып отыр.

Олардың кейбірі тікелей тәртіптік жазаға тартылып, кейбірі лауазымынан босатылған.