Қытай мен Үндістан азаматтарына Қазақстанға 72 сағатқа визасыз кіруге рұқсат берілді
Қытай мен Үндістан азаматтарына Қазақстанға 72 сағатқа визасыз кіруге рұқсат берілді

Жаңа ереже 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

Бұл туралы «Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығметов мәлім етті», – деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің Telegram арнасы. "Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасы мен Үндістан Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасына келудің, болуының және кетудің 72 сағаттық визасыз режимі жұмыс істейді. Өткізу пункттерінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты көрсетілген ҚХР мен Үндістанның транзиттік азаматтарының паспорттарына мөртабандар қойылады", - делінген хабарламада. Бұл өзгеріс 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ереже "Көшіп келушілердің Қазақстанға келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстаннан кетуінің ережелерін және көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Республиканың мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Үкімет қаулысында көрсетілген.