Қызылордада инсульт алған әйелді тонап кетті
Қызылордада инсульт алған әйелді тонап кетті
5,094
оқылды

Қызылордада инсульт алып құлаған әйелді белгісіз біреулер тонап кеткен. Бұл туралы жәбірленушінің құрбысы Facebook-парақшасында жариялады.

Қызылорда тұрғыны Елена Когайдың айтуынша, оның құрбысы сыйлық сатып алу үшін базарға шыққан. Сол жерде дәретханаға кеткен.

"Оны жаңадан салынған базардың дәретханасынан тауыпты. Инсульт алған. Қазір комада жатыр. Сөмкесі жоқ. Қайта телефоны қалтасында болған. Сол арқылы туыстарын тауып, жағдайды хабарладық. Сөмкеде құжаттар, несие карталары бар", – деді ол.

Қазір Қызылорда тұрғыны оқиға куәгерлері болса хабарласуды сұрап отыр. Ал полиция тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. "Тонау дерегі Қызылорда қалалық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді полиция өкілі.