Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Студенттер онлайн креатив бойынша бақ сынады

"Айқын" ақпарат
Ақпан 7, 2021
Қазақстан, Жаңалықтар
Студент
133
қаралым

Қашықтан оқу білім саласына ауқымды өзгерістер әкелді. Білім соңындағы әрбір жас осы жолда жаңаша форматта ізденді, сынақ тапсырды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспасөз жəне электронды БАҚ кафедрасы студенттер мен магистранттардың қашықтан білім алудағы ойлары мен дағдыларын бөлісу үшін «Онлайн креатив: бастысы маңызды» халықаралық студенттік журналистік материалдар байқауын жариялаған болатын. Байқау, міне, мәресіне жетіп, үздік жұмыстар марапатталды.

Байқауға қазақ, орыс және ағылшын бөлімдері, сондай-ақ Вьетнам, Қытай, Ауғанстан, Ресей, Қырғызстан елдерінің журналистика бағдарламасының студенттері мен магистранттары қатысты.

Үздік жұмыстардың топтамасы жинақ ретінде баспаға ұсынылды. Халықаралық деңгейде өткізілген жеңімпаздар байқаудан алған әсерлерімен бөлісті. Солардың бірі, Вьетнам Республикасынан қатысқан студент Фан Нгок Май университеттегі бірінші курстың алғашқы семестрін қашықтан оқыды.

– Осы кезде өзіндік ізденіспен білім алудың не екенін түсіне бастадым. Журналистік материалдар сайысы тәуелсіз журналистикадағы бәсекелестік ортаға бейімдеді, – дейді Фан Нгок Май.

Жатақхана жыры: баспанасыз студент қайда барады?

Дулати университетіндегі дау: Кім кімге күйе жағып жатыр?

Медициналық оқу орындары студенттерінің стипендиясын арттыру қажет – Тоқаев

Қазақстанда оқып жүрген қытайлық магистрант Цзяо Хунюнь журналистік материалдар байқауы оқшауланған кезде шығармашылыққа ынталандырды дейді. «Оқшауланудың арқасында білім алудағы әрбір мүмкіндікті бағалай білуге ұмтылдым. Жұмысымды қазылар алқасы жоғары бағалағанына қуаныштымын», деді Цзяо Хунюнь.

Байқауда ресейлік студенттер бақ сынады. Үздік жұмыстардың бірінің авторы Алтай мемлекеттік университеті Журналистика факультетінің 2-курс студенті Настя Кшнякина: «Соңғы кезде түрлі байқауларға қатысу студенттік өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Мен байқау туралы аяқталуына жақын қалған сәтте білдім. Айтар ойымды тез жинап, қашықтан оқу туралы өз ойымды ортаға салдым. Нәтижесінде дәрежелі үшінші орынды иелендім. Байқауды ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Жас журналистердің танымал болуының алғашқы баспалдағы іспетті. Ең бастысы, идея болса», деп ойын ортаға салды.

Алтай университетінің студенті Мария Лаврищева өзінің пандемия жағдайындағы білім алу практикасымен бөлісті. «Мен үшін коронавирус пандемиясы наурыздың соңынан басталды. Ол кезде Мәускеуде досыммен бірге білім беру сайтында редактор едім. Біз де басқа университеттер сияқты қашықтан оқуға көштік. Алғашында біз қашықтан оқуды түсіне қоймадық. Тобымызда қашықтан оқуды қолдағандар да, қарсылық танытқандар да болды. Дегенмен, біз қандай жағдайда болмасын оқудың қажеттігін түсіндік».

Төтенше жағдай кезінде білім алудың маңызы мен қажеттігін түсінген жастар байқаудың жалғасын күтетінін айтты. Алдағы уақытта халықаралық байқаудың масштабын арттыру қажеттігін жеңімпаздар мақұлдап отыр.

Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті журналистика факультетінің 1 курс студенті Бербаева Айгелия: «Он ай қашықтан оқу кезінде күнде алдыма мақсат қойдым. Онсыз менің білімге деген құштарлығым жоғалар еді. Таңертең жолға кететін уақыттың орнына спортпен айналысуға, кітап оқуға, шет тілін үйренуге уақыт таптым. Біз өмірдегі ең басты сабақты – денсаулық сабағын үйрендік» деді.

Гүлмира Сұлтанбаева

 
Тегтер: студент
Алдыңғы жаңалық

Майкл Джорданның қолтаңбасы бар сирек кездесетін карточка 1,44 млн долларға сатылды

Келесі жаңалық

Apple Iphone 12 өндірісін тоқтатпақ

Ұқсас жаңалықтар

боран
Жаңалықтар

Боранды күні үйінен шығып кеткен ер адамның денесі табылды

Ақпан 26, 2021
суперкубок
Жаңалықтар

Суперкубок матчтарына көрермен келуіне рұқсат етілді

Ақпан 26, 2021
шектелді
Жаңалықтар

Алимент төлемеген әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Ақпан 26, 2021
Ақтау
Жаңалықтар

Ақтауда көпқабатты үй өртеніп, төрт бала құтқарылды

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Боранды күні үйінен шығып кеткен ер адамның денесі табылды

Ақпан 26, 23:44

Суперкубок матчтарына көрермен келуіне рұқсат етілді

Ақпан 26, 23:10

Алимент төлемеген әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Ақпан 26, 22:45

Ақтауда көпқабатты үй өртеніп, төрт бала құтқарылды

Ақпан 26, 22:04

1 наурыздан бастап әскерге шақыру науқаны басталады

Ақпан 26, 21:38

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Ақпан 26, 21:07

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Ақпан 26, 20:55
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

боран

Боранды күні үйінен шығып кеткен ер адамның денесі табылды

Ақпан 26, 2021
суперкубок

Суперкубок матчтарына көрермен келуіне рұқсат етілді

Ақпан 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»